деп хабарлайды РБК агенттігі.
"Сауд Арабиясының елордасы - Эр-Рияда өткен Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесінің сыртқы істер министрлері кездесуінде осындай мәлімдеме жасалды", - деп хабарлады «Europe1» радиостансасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
«Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі Ливиядағы іс басындағы режимді заңсыз деп санайды және Ұлттық кеңеспен қатынас орнату қажеттілігін мәлім етеді», - делінген құрамына Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман және Сауд Арабиясы кіретін Кеңестің сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесінде.
Кеңес сондай-ақ Араб мемлекеттерінің лигасын «Ливиядағы қантөгісті тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдауға» үндеді.