Парсы шығанағындағы Иран портынан мұнай төгілді

БАКУ. Тренд-ҚазАқпарат - Парсы шығанағы жағалауындағы Иранның Генаве порты маңында мұнай төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Судың төгілуіне Хузестан провинциясындағы Ахваз кен орнын мұнай терминалы орналасқан Харг аралымен байланыстыратын құбырдың су асты бөлігіндегі ақау себеп болды.

Оқиға орнына сүңгуірлер бригадалары ақауды жөндеуге жіберілді.

Төгілген мұнай көлемі нақтыланбады.

Фото: trend.az