Партия азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді болуы керек –Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясыныңқазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерінжандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз етужөнінде мәлімет берілді.

Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларыныңқорытындылары, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазартуүдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар,ол демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмысының тоқтағаны жәнепартияның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына институционалды қатысужоспары жөнінде хабарлады.

Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағыбайланысты күшейтудің маңыздылығын айтты. Мемлекетбасшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақынболуға шақырды.

«Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы,халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияныңқоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыстаболып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар