Партиялар Мәжіліске ұсынған әрбір өкіліне 342 мың теңге жарна төлеуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси партиялар ҚР Парламент Мәжілісіне ұсынған партиялық тізімдегі әрбір тұлғаға 342 мың теңгеден астам сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Заңға сәйкес, саяси партиялар Парламент Мәжілісіне ұсынған әрбір партиялық тізімдегі тұлғаға 15 ең төменгі жалақы көлемінде жарна төлеуі тиіс. Ол шамамен 342 мың 885 теңгені құрайды. Мәслиxат депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы 5 ең төменгі жалақы көлемінде. Бұл 114 мың 295 теңге», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслиxаттарға - 550, қалалық - 625, сондай-ақ 2160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.