Әулие Петр алаңына жиналған жұрт понтификті қошеметпен қарсы алды.
— «Хабарламаны салтанатты рәсім шебері оқиды», – деді Папа Римдік, әрі қарай сөзді архиепископ Диего Равеллиге берді.
Понтификтің басты үндеуі – жер бетіндегі бейбітшілік
— «Бұл мерейтойлық жылы Пасха соғыстағы тұтқындар мен саяси себеппен қамауға алынған адамдардың бостандыққа шығуына себеп болсын. Адамгершілік қағидасы – күнделікті әрекетіміздің іргетасы ретінде – ешқашан ұмыт қалмасын», – деп мәлімдеді Папа Франциск.
Еске сала кетейік, Рим Папасы бұған дейін Реджина Коэли түрмесіне барған болатын.
Мемлекет басшысы барша христианды Пасха мерекесімен құттықтады.