Пашинян: Арменияға жаңа Конституция қажет

Фото: Рамиль Ситдиков

АСТАНА. Kazinform – Арменияға бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданатын жаңа Конституция қажет. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян елдің негізгі заңының 30 жылдығына арналған салтанатты шарада мәлімдеді.

Пашинянның айтуынша, жаңа Конституция елдің қазіргі шынайылығын көрсетуі тиіс.

«Біздің 500 жылдық тарихымызбен салыстырғанда қазіргі жағдай мүлде бөлек. Жаңа шынайылық жаңа Конституция қабылдауды талап етеді», – деп атап өтті Армения премьері.

Айта кетейік, мамыр айының басында Арменияның әділет министрі Србуи Галян елдің жаңа Конституциясының мәтіні дайындалып жатқанын, ол 10 ай ішінде әзір болатынын хабарлаған еді.

Бұған дейін Арменияның бұрынғы президентіне айып тағылғанын хабарладық.