Пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

ПАВЛОДАР. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы жаңа Усоль ықшамауданында осы ауданнан пәтер алған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің он шақты отбасы тұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерді құттықтаған пәтер иелері кооперативтерінің басшылары оларды мерекелік дастарханның басына жинады. Ақсақалдар соғыста қаза болған майдангер достарын еске алды, жастық шақтарының сүйікті әндерін орындады. Қамқорлық көрсеткендері және жаңа көршілерімен достасуға мүмкіндік жасағандары үшін «үй басқарушыларына» алғыстарын жеткізген ардагерлер, барша жұртты Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. «Дастархан басына келе алмаған ардагерлер де назардан тыс қалмайды, оларды үйлеріне барып құттықтаймыз», - дейді пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері.