«Пәтер» операциясының барысында үш күнде республикада 118 пәтер ұрлығы ашылды ? ҚР ІІМ

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат – Елдегі пәтер ұрлығына қатысты жағдайды тұрақтандыруға бағытталған кең ауқымды «Пәтер» операциясы аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІД Криминалдық полиция комитетіне сілтеме жасап.Сәуірдің 13-і мен 15-і аралығында өткен акция барысында ішкі істер органдары 128 пәтер ұрлығының 118-ін ашты. Бұрын 158 пәтер ұрлығына қатысқан 252 күдікті ұсталып, 16 қылмыстық топ таратылды.Айталық, сәуірдің 13-інде Астана қаласының ІІД қызметкерлері қаланың әртүрлі бөлігінде 13 пәтерді тонаған үш адамнан құрылған қылмыстық топты құрықтады. Атырау облысында жергілікті полиция Грузиядан келген ұрыларды ұстады. Олар кілттерді үйлестіру арқылы 5 пәтерді тонаған.