Оның хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарының 20-25 жас аралығындағы 5 тұрғыны қылмыстық топ құрап, осы уақытқа дейін есікті бұзу арқылы пәтер тонаумен айналысып келген. Өткен аптада аталған ұрылар тобы құрықталды. Олардың ішінде Астана және Ақтөбе қалаларындағы колледждердің екі студенті де бар. «Қазіргі кезде олардың 9 пәтерді тонағандары анықталып отыр. Сонымен қатар қылмыскерлердің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - дейді Қ.Жұманов.
14:12, 26 Қаңтар 2011
Пәтер тонауымен айналысқан ұрылар тобы құрықталды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ақтөбе қаласында пәтер тонаумен айналысқан ұрылар тобы құрықталды. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.