Түркістан қаласының тұрғыны Рабия Төребаева 90 жасқа толған шағында тұрғын үйге қол жеткізді.
Бүгінге дейін пәтер жалдап, күнелтіп келген кейуанаға қайырымды жандар қаражат жинап, жаңа мөлтек ауданнан 2 бөлмелі пәтер алып берді.
Игі іске қалалық ақсақалдар алқасы ұйытқы болған.
«Бізге келген жалғызбасты ана жағдайын айтып, көмек сұрады. Үрім-бұтағы жоқ екен. 65 жылдан бері пәтер жалдап, күнелтіп келген. Ақсақалдар алқасының мүшелері ұйымдаса отырып қаржы жинадық. Демеушілер іздедік. Нәтижесінде жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтер алып бердік»,-дейді қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Кішібай Жұмаділда.
Үйдің кілтін алып, көңілі қуанышқа кенелген кейуана игі іске үлес қосқан жандарға алғысын жеткізді.