Пәтерде болған өрттен ер адам мерт болып, екі бала ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Рудный қаласында бейсенбі күні таңғы алты кезінде бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Өрт 25 минуттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 6 адамы мен екі техникасы жұмылдырылды.

Өрт болған жерден 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Газі иісінен уланған үш және бес жастағы екі ер бала ауруханаға жатқызылды.

Дәс осы күні төрт сағаттан кейін Ақтөбе облысының Қобда ауылында екіпәтерлі жекеменшік үй пәтерінің 27 шаршы метрінде өрт тұтанды. Өрт 10:53-те тоқтатылып, 11:15-те ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі 2 техникасы мен жеке құрамның алты адамы қатысты.

Өрттің салдарынан күйік шалған 70 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.