Патриарх Кирилл Гогольдің шығармалар жинағын шығаруға батасын берді

МӘСКЕУ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Гогольдің 15 томдық шығармалар жинағын Мәскеу патриархиясының баспасында шығаруға батасын берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жазушының толық шығармалар жинағы академиялық деңгейде даярланған болатын. Ол жыл аяғына дейін жарыққа шығады деп ұйғарылып отыр.