Патриарх Кирилл Қазақстанның жаңа елордасына танданысын жасырмады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстандағы бейбіт қатар өмір сүру мен ұлтаралық келісімнің үлгісі мен тәжірибесі қандай оң саяси және экономикалық жетістіктерге әкелетінін көрсетіп отыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл мәлім етті.

Орыс православ шіркеуінің басшысы сондай-ақ, посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерді қолдау бастамаларындағы Қазақстан басшысының маңызды рөлін атап көрсетті. Ол аймақта және әлем бойынша тыныштық пен тұрақтылықты нығайту саясатында Ресей мен Қазақстанның ортақ жақтары көп екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Патриархтың айтуынша, Қазақстанның жаңа елодасы -Астана оны таңғалдырған. «Сайын дала төсінде осындай тамаша нысандары, үйлері, заманауи инфрақұрылымдары бар және мәдениеті жоғары адамдар тұратын қаланың пайда болуы - шын мәнінде тамаша жетістік, елордада жаңа православ храмының пайда болуы Қазақстанның православтарға деген ізгі көзқарасын білдіреді», деп атап көрсетті Орыс Православ шіркеуінің басшысы өз сөзінде.

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархының Қазақстанға сапары Елбасының шақыруы бойынша өтіп жатқанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Орыс православ шіркеуінің басшысы сапар барысында Астана және Алматы қалаларында болды.