«Оскар» сыйлығын табыс ету рәсімі дәл осы уақытта Лос-Анджелес қаласында өтіп жатыр.
12 жыл бойы түсірілген «Балалық шақ» (Boyhood) фильмінде екі баласы бар жалғызбасты ана - Оливия Эванстың рөлін ол тамаша сомдап шыққан. Осы үшін актриса биылғы маусымның барлық жүлдесін, соның ішінде «Алтын глобусты» да иеленді. Бұл - оның алғашқы «Оскары».