«Қазанда Ресей президенті «Бір белдеу – Бір жол» халықаралық форумына қатысып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Бейжіңде екіжақты келіссөз жүргізеді деген жоспар бар», - деді ол.
Патрушев Мәскеу мен Бейжіңнің қарым-қатынасы сыйластық, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық аренада өзара қолдауға негізделгенін және «бағалы әрі сыртқы жағдаяттан тысқары» екенін атап өтті.
«Бір белдеу – Бір жол» бастамасын 2013 жылы Си Цзиньпин көтерді, ол баяғы Жібек жолын жаңғыртуды көздейді. Мақсаты – Қытайдың Орта Азия, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен басқа да өңір нарықтарына шығып, көптеген елді қатыстыра отырып, қызығушылық танытқан мемлекеттердің капиталын пайдаланып, халықаралық сауда-инвестиция жобаларын жүзеге асыру. Бастамаға 150-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйым қосылған.