Бұдан былай Екатерина саябағының қонақтары жиырма бір метрлік биіктікке орналасқан, айналмалы пандуспен шығатын және саябақ көрінісін тамашалайтын қарау алаңына көтеріле алатын болады.
ҚазАқпарат тілшісі хабарлағанындай, мұнара ұзақ жылдар бойы қайта жаңғыртылды. Оның негізгі мақсаты соғыс пен уақыттан бүлінгендерді жою, бірақ бұл ретте құрылыстың бастапқы сипатын - «үйіндіні» сақтап қалу болды.
Император Екатерина II-нің жарлығымен сәулеткер Фельтен 1771 жылы салған Мұнара-үйінді 1768-1774 жылдардағы Ресейдің Түркиямен соғысындағы жеңісінің бірегей ескерткіші болып табылады.