Күйеуі Филипп герцогпен бірге елді аралап жүрген ол, Манчестер қаласының ратушасына ат басын тіреген. Сол кезде бұл ғимаратта жас жұбайлардың неке қию рәсімі болып жатқан көрінеді.
Джон және Франсии атты жас жұбайлар монархтың тойларына кездейсоқ келгеніне қатты қуанған. Онымен қоса, рәсім біткеннен кейін Патшайым оларды құттықтап, бірге суретке де түскен.
Патшайым Елизавета ІІ ел басқарғанының 60 жылдығына орай күллі елді аралап жүр. Бүгінде ол 63 жыл бойы билік құрған арғы әжесі Викториядан кейінгі ең көп уақыт тәж киіп жүрген монарх болып саналады.