Астаховтың пікірінше, балалар үйлерінің көпшілігінің басты проблемасы - олардың түлектері «үлкен өмірге әлеуметтік бейімделмеген» болып шығады. Балалар омбудсмені балалар үйлері мен интернаттардан босаған қаражат балаларды асырап алатын отбасыларына берілуі тиіс деп санайды, сонда болашақ ата-аналардың оларды тәрбиелеуге алуына мүмкіндік туады. «Жетімдерсіз Ресей» ұраны мемлекеттік аппарат жұмысының басты салаларының бірі болуы тиіс, ал үкіметте отбасы министрлігі құрылуы қажет», деп атап өтті Астахов.
00:36, 29 Ақпан 2012
Павел Астахов Ресейдегі балалар үйлерін жабуды ұсынды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Ресейде балалар үйлері жабылуы мүмкін, ал олардың тәрбиеленушілерін асырап алатын отбасыларға береді. Бұл туралы президент жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Павел Астахов мәлім етті, деп хабарлады Утро.ру.