Павел Дуров Астанада Цифрлық даму министрімен бірге жүр
22:41, 27 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Кәсіпкер, бағдарламалаушы және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді. Әлеуметтік желіде Дуровтың Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркіне барғаны туралы видео тарады.
Кадрда кәсіпкердің жанында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жүргені байқалады.