АСТАНА. KAZINFORM — Telegram негізін қалаушы Павел Дуров банктегі шотында қанша қаражат бар екенін айтты.
16 сәуірде Дуров америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берген болатын.
58 минутқа созылған әңгіме барысында Дуров қаржылық жағдайы жөнінде ақпарат бөлісті.
Павел Дуровтың айтуынша, 10 жыл бойы оның банк шотында немесе биткоин «әмиянында» бірнеше жүз миллион доллар сақтаулы тұр.