Павел Дуровтың соты бір жылдан ерте өтпейді — Франция прокуратурасы

Фото: Фото: instagram.com/durov

АСТАНА. KAZINFORM — Франция прокуратурасының өкілі қандай да бір келісім туралы айтуға әлі ерте екенін айтты, деп жазады Wired.

Басылым атап өткендей, Павел Дуровты қамауға алумен аяқталған іс өткен қыста бір тергеуден басталған.

Тергеушілердің сөзінше, бұл Telegram-да кәмелетке толмаған қыздарды қудалаған күдіктінің жеке басын анықтау операциясы болды. Сондай-ақ ол платформада жас қызды зорлағанын мойындады.

Тергеушілер Telegram-нан күдіктінің мәліметтерін сұратқан кезде компания бас тартты, деп хабарлайды Politico.eu.

Прокуратура өкілі Мейлис Де Рек Wired басылымына күдіктіні анықтауға көмектесу үшін тергеушілердің Telegram-ға хабарласқанын растады. Сонымен қатар ол компанияның басқа құқық қорғау органдарының өтініштеріне де жауап бермегенін атап өтті.

— Егер бұл бір ғана оқиға болса, біз Telegram туралы ештеңе ойламас едік, — деп түсіндірді Де Рек. — Бірақ мәселе, бұл әр уақытта, әр елде қайталанып тұрғанында.

Libération мәліметінше, бір ғана француз жандармериясы 2013-2024 жылдар аралығында Telegram-да жауапсыз қалған 2460 жағдайды тіркеген.

Мейлис де Рек WIRED-ке оның командасы Telegram жауап бермегендіктен әртүрлі ведомстволарда қанша тергеу жүріп жатқанын түсінгеннен кейін, қамауға алу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Де Рек Франциядағы сот процесі кем дегенде бір жыл ішінде басталмайтынын алға тартты. Оның айтуынша, ықтимал келісім туралы айту әлі ерте. Қазіргі уақытта Дуров Францияда.

Павел Дуров 24 тамызда Париждегі Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды.

Оған 12 түрлі айып тағылғаны анықталды.