Павел Ильяшенко Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады

None
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында заманауи бессайыстан сынға түскен қазақстандық спортшы Павел Ильяшенко жалпы есепте 35-ші орын алды, деп хабарлады, Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайыста жалпы 36 спортшы өнер көрсеткен болатын. Олар заманауи бессайыстан (семсерлесу, суға жүзу, конкур, жүгіру, тапаншадан ату) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз жалпы есепте 1 141 ұпаймен 35-орынды місе тұтты.