Мәжілістің жалпы отырысы барысында Нұрлан Нығматулин өзінің орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева кандидатурасын ұсынып, оны депутаттар бірауыздан қолдады.
«Балайым Туғанбайқызы 6-шы шақырылым депутаты болған, тәжіріибесі мол білікті заңгер. Көп жылдар бойы әділет органдарында қызмет атқарды. 6-шы шақырылымда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Заң шығару қызметіне белсенді қатысып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті», - деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин екінші орынбасары Павел Казанцевтің жергілікті атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі мол екендігін, 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын атап өтті.