Бұл туралы 11 желтоқсанда ТАСС Le Matin Dimanche швейцариялық басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Музыканттың сөзіне қарағанда, бұл оқиға Женева әуежайынан Сьонға келе жатқанда болған. Пойыз вокзалға келіп, жолаушылар абыр-сабыр боп жатқан уақытта Верников небәрі бірнеше секундқа ғана алаңдады. Сол сәтті пайдаланған ұрылар скрипкасын жымқырып кеткен.
«Менің баламды ұрлап алғанмен бірдей болды. Онсыз мен ешқашан музыкамен айналыса алмаймын», - деп мәлімдеді скрипкашы.
Скрипканы Верниковқа Pro Canale миландық қоры берген еді. Скрипка шебері Джованни Батиста Гваданини (1711-1786) Антонио Страдиваридің (1644-1737) шәкірті болған. Ішекті аспапты жақсы әзірлейтіндердің бірі ретінде танылған.