Барлық видеоөтінімдер тікелей әкімнің қарауына түседі.
Бұл туралы өңір әкімі Болат Бақауов Инстаграм желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Ендігі жерде облыстық әкімдіктің ғимаратында әрбір облыс тұрғыны өзін толғандырған мәселе бойынша бейнесауал жазып қалдыра алады. Барлық бейнесауалдар тікелей менің қарауыма келіп түседі», - делінген әкім жазбасында.
Айта кетейік, Болат Бақауов 2019 жылдың ақпан айында Инстаграм желісінде парақша ашып, екі айда 16 мыңнан астам оқырман жинады. Парақшада әкімнің оқиғаларға жеке пікірлері, отбасылық суреттері, өңір жағдайы туралы мәліметтер жазылған.