Павлодар әкімі үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға награда табыс етті
08:05, 29 Желтоқсан 2009
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа жыл қарсаңында Павлодар әкімі Бақытжан Жоламанов жылдың үздік спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті. Қалалық спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өндірістік ұжымдар мен спорттық клубтардың өкілдері әкімде қонақта болды,
деп хабарлайды Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.
Халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар мен олардың тәлімгерлері мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен атап өтілді.
Б.Жоламанов ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан екі дүркін Азия чемпионы, жаттықтырушы Виктор Бондарьдың еңбегін ерекше атап көрсетті. Әкім сондай-ақ, полиатлоннан күміс жүлдегер атанған Оксана Вернерді әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.