Жиналған қауымды мерекелерімен құттықтаған қала басшысы «Конституция біздің басты құндылықтарымызды, тәуелсіздігімізді, демократия мақсаттары мен адам құқығына деген құрметті, еркін еңбек пен адамзаттың ар-ожданын нығайтты», - деп атап өтті.
Ұлтаралық және конфессия аралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты, диаспоралардың мәдени дәстүрін сақтауды нығайтуға қосқан үлесі үшін қала әкімі этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне гранттар мен алығс хаттарды табыс етті.