Павлодар алюминий зауытының зейнеткерлері дәстүр бойынша демалыс үйіндегі жазғы маусымды алғашқы болып ашты
09:07, 09 Шілде 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қазақстан Алюминий» АҚ-ның зейнеткерлері Баянауылдағы «Кристалл» демалыс үйінің жазғы маусымын ашты.
Елуге тарта ардагер таудағы демалыс үйіне ыңғайлы автобустармен жеткізілді.
«Біздің ардагерлер жолдаманы тегін алады, бір апта ішіне олар күш жинап, көңіл-күйлері жақсарады», - дейді павлодарлық алюминий зауыты кәсіподағының төрағасы Василий Максимонько.