«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында биыл жеті кәсіпорын іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Болат Бақауов «Павлодар» арнайы экономикалық аймаққа барып, ол жерде индустриялық жобалардың жүзеге асырылу жайымен танысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодар» АЭА»басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиев ақпарат жеткізгендей, бүгінде арнайыэкономикалық аймақта 22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Солардыңжетеуі биыл іске қосылады.

- Проблемалықжобалардың бірі түрік инвесторлары орындауға кіріскен фольга өндіру бойыншаKazfoil жобасы, - дейді Айбек Тұрсынғалиев. – Олар мерзімнен кешігуде. Түрікөкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде құрал-жабдықтарды жеткізу мәселесіқарастырылуда.

Сонымен бірге,олардың орнын басатын дәл сондай өнім шығаратын компаниялармен келіссөздержүргізілуде. Жоспардан сәл кешіксе де, уақтылы бой көтеретінкәсіпорындардың бірі – «ЕртісНефтесервис» ЖШС. Компания директоры АмангелдіШәріповтің айтуынша, кәсіпорын жылына 2,5 мың тонна дизельдік жанармайғаарналған қосымшалар шығара алатын болады.

- Технологиялықмәселелерге байланысты жұмыстарды сәл кешіктірдік, - дейді Амангелді Шәріпов. –Дегенмен, зауыт жоспарға сәйкес биылғы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануғаберіледі. Жобаның құны 467 миллион теңге. Зауыт іске қосылғаннан кейінмұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Тағы бір тың жоба– «СпецПромСервис» ЖШС. Кәсіпорын арнайы экономикалық аймақта орналасқанзауыттардың қалдықтарын қайта өңдейтін болады. Жоба құны 150 миллион теңге.

- Бүгінде барлыққұжаттарды қолға түсірдік, - дейді «СпецПромСервис» ЖШС құрылтайшысы ИсләмҚұсайынов. – 1,5 километр электр сымын тартудамыз. Құрылыс алаңы дайын.

Облыс әкіміаталған кәсіпорынның экологияға сәйкестігін жіті зерттеуді тапсырды.