Әлеуметтік желіде I А санатындағы ақылы «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы (Қосақ ө/п)» автомобиль жолының Павлодар — Астана бағыты бойынша 1356-шақырымында бетон жолдың қатты ыстыққа шыдамай көтеріліп, опырылып түскені туралы видео тарап кетті.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерден жөндеу жүріп жатқан учаскелерде мұқият болуды, уақытша жол белгілерін сақтауды және жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұрайды.
Мұндай келеңсіз жағдай былтыр да осы уақытта болған еді. Араға жыл салып тағы қайталанып отыр.