«Сағат 19.10-да жергілікті тұрғындар ер адамның денесін жағаға алып шыққан. Ол шомылуға тыйым салынған орында суға түскен. Оқыс жағдайда қаза болған азаматтың ішімдік ішкені анықталды», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.
Өңір құтқарушылары тұрғындардан арнайы шомылуға жабдықталмаған орындарда суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Айта кетерлігі, 1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 14 адам суда ажал құшқан. Оның жетеуі - бала.