Әсем безендірілген шырша айналасында олар Аяз Атамен және Қарша ханыммен бірге ән шырқап, өлеңдер оқыды, түрлі ойындарға қатысты. Олардың барлығына да сыйлықтар үлестірілді.
«Ауданның ауылдық округтерінде 200 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады, - деді психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Шолпан Сардарбекова, - олардың бірде-бірі ескерусіз қалмады. Шырша мерекесіне қатыса алмаған балалардың үйінде болып, оларды Жаңа жылмен құттықтадық және әрқайсысына Аяз Атаның сыйлығын тапсырдық».