Павлодар әуежайы әлі жабық - ИДМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті кеше жабылған Павлодар әуежайының неліктен бүгін ашылмағаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар қаласының әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты 25 желтоқсан күні 07:00-ден бастап жабылды. Ұшу-қону жолағына мұз қатқан. Қазіргі кезде әуежай жолақтарын қатқан мұздан тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әуежай жергілікті уақытпен 17:00-ге дейін жабық», - делінген ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында.