Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2019 жылдың 11 айында павлодарлық әуежайда 300 мың тоннадан астам жүк пен пошта тасымалданған. Осы уақыт ішінде әуежайдан ұшқан жолаушылар саны 200 мыңнан асты. Бүгінде әуежай халықаралық мәртебеге ие. Әуежай соңғы рет 2018 жылы үш жылға жарамды сертификациядан өткен. «Біздің әуе қатынасы саласында үлкен тәжірибеміз бар», - дейді «Павлодар әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Динара Мусалимова. «Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы біз үшін өте маңызды. Әуежай 1973 жылы пайдалануға берілген. Содан бері біздің команда ешқашан жолаушыларды жерге қаратпады. Жыл сайын біз шамамен 1000 рет ұшақтың ұшуына қызмет көрсетеміз және сағатына 200-ден астам жолаушыны жібереміз. Павлодар әуежайы арқылы тұрақты түрде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және халықаралық бағыттар – Түркия, Мәскеу, Минск және Новосібір қалаларына ұшақтар қатынайды. Павлодар әуежайы басшылығы жаңа әуе бағыттарын ашуды жоспарлауда. Қазір келіссөздер жүріп жатыр».
Басшылар атап өткендей, әуежайдың қуаттылығын арттыру үшін күрделі жөндеу қажет. Әуежайдың ауданы – 235 гектар, ал терминалдың өзі 3,2 мың шаршы метрді құрайды. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 2006 және 2012 жылдары жүргізілген. Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде әуежай Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді.13:24, 05 Қаңтар 2020
Павлодар әуежайы сұранысқа ие әуе бағыттарын ашуды жоспарлауда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар әуежайы сұранысқа ие жаңа әуе бағыттарын ашуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта өңірде тек әуе компанияларының келісімі ғана күтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.