Павлодар бокстан Қазақстан біріншілігіне қызу дайындық үстінде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қарашада Павлодарда ерлер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Қала ел біріншілігін қарсы алуға қызу дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

«Биыл қаламызда жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Жанкүйерлер тарапы алдағы додаға да қызу қолдау көрсететіндігіне сенімдімін. Павлодар - өзіндік спорттық дәстүрлері қалыптасқан қала. Бұның дәлелі ретінде павлодарлық бокстың негізін қалаған жаттықтырушы Рафаэль Вахитов, КСРО Кубогының иегері Елеусіз Дүйсеков, КСРО чемпионатының жүлдегері Игорь Шторм және көптеген басқаларды еске түсірсек жеткілікті. Қазақстан чемпионатының спортсүйер қауымы үшін орны ерекшеә, - деді Павлодар өңірі бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажанов.

19 қараша күні жарысқа қатысушылар қалада бас қосады, ал, 20-сы күні турнирдің ресми ашылу салтанаты өтеді. Жартылай финал және финалдық жекпе-жектер 26 және 27 қараша күндері ұйымдастырылады.

Доданың ең құрметті қонақтарының бірі - Қазақстанның бокстан бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов болады.

«Жарысқа Олимпиада ойындарының жүлдегерлері қатыспағанымен, чемпионат өте тартысты өтетіндігіне сенімдімін. Өйткені жаңа Олимпиадаға дайындықты бастайтын уақыт жетті. Құрама мүшелерін алдағы уақытта Әлем және Азия чемпионаттары сияқты маңызды жарыстар күтіп тұр. Ұлттық құрама командаға ену үшін боксшылар барын салатындығына сенімдімін. Құрама командадан шығып кеткен спортшылардың орнын кім басатындығын рингтегі кездесулер шешеді. Бізде Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен спортшылармен ғана емес, резервпен де үлкен дайындық жүргізіді. Әр салмақ дәрежесінде өзара бәсекелестік бар»,-деген ойымен бөлісті Мақажанов.

Турнир нәтижелері бойынша он салмақ дәрежесініің үздік былғары қолғап шеберлері анықталады. KAZsport телеарнасы Қазақстан чемпионатының жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді.