Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов бірнеше әлеуметтік дүкендерді аралағаннан кейін осындай тапсырма берді.
Аймақ басшысы жергілікті өндірушілермен меморандум аясында сауда орындарына сапалы картоп пен сәбіз әкеле бермейтініне көз жеткізді.
Әкім жуырда аграрийлермен кездесуден кейін әлеуметтік дүкендерді аралауды жөн көрді.
Осы кездесуде төрт ай ішінде ішкі нарықты толтыру үшін салынған 36 мың тонна арзандатылған көкөністің тек 10%-ы Павлодар облысында сатылды деп есептелді.
Алғашқы сауда нүктесінде – Катаев көшесіндегі «Провиант» дүкенінде Әбілқайыр Сқақов неліктен бұлай болғанын анықтады.
Әлеуметтік сөредегі барлық картоп пен сәбіз бәрі бірдей сапалы болмағандықтан, сатып алушылар көбіне көкөністерді қымбатырақ бағамен сатып алуды жөн көреді.
- «Гагариндік» картоптың келісі 200 теңгеден бас тартсам, тұтынушыларымның жартысынан айырылып қалуым мүмкін, – дейді көкөніс бөлімінің сатушысы. – Оның сапасы да, дәмі де әлеуметтік көкөністерден ерекше дейді.
Әкімнің ұн тартушылары мен наубайшыларға жасалған меморандум аясында жеткізілетін әлеуметтік нанға да қатысты шағымдары болды.
Бекітілген 95 теңгелік нанның салмағы 550 грамм болуы керек. Алайда, сауда нүктесіндегі таразылар 495 граммды көрсетті.
Сатушылар мойындағандай, тұрғындар тікелей жергілікті өндірушілерден жеткізілетін көкөністерді өз ықыластарымен сатып алады және олардың сапасына шағымданбайды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер облыстық тұрақтандыру қорынан алатын қант, өсімдік майы, күріш пен қарақұмықты қала тұрғындары арзанырақ алып жатыр.
- Біздің негізгі тұтынушыларымыз – зейнеткерлер, - деді дүкен менеджері. – Әлеуметтік тауарларды да сатып алады. Олар үшін бұл жақсы көмек.
Тұрақтандыру қорының өнімдері «Пахомовский» супермаркетінде де қабылданады.
Дүкен менеджері тіпті жеткізілім көлемін көбейтуді сұрады, өйткені арзан азық-түлік өте тез сатылып кетеді.
Аралау қорытындысы бойынша Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік картоп пен сәбізді дүкендерге жөнелту кезінде бақылау орнатуды талап етті.
Өңір басшысы көкөністерді сауда орындарында қабылдау кезінде олардың сапасын тексеруді де тапсырды.
Ол отандық тауар өндірушілер сапалы өнім жеткізу бойынша міндеттемелер алғанын және оны орындауы керектігін еске салды.
Облыс әкімі фермерлерге қоймалардан қандай картоп пен сәбіз тиелетінін өздері қарап, халықтың сапасына деген наразылықтарының орынде екендігіне көз жеткізуді ұсынды.