Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдіктегі аппарат кеңесінде өңірдегі халық санағының барысы талқыланған.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жақан Жакенов өңірдің 322 тұрғыны санақ сауалнамасын онлайн толтырғанын, ал 320 мың адам санақтан оффлайн өткенін атап өтті.
- Барлық ауданда санақ кампаниясы аяқталды деуге болады, тек Баянауыл ауданында ғана 1,7 мың адамнан сауалнама алу керек, - деді ол. – Облыс орталығында - 82 мың адам, Екібастұзда - 25 мың, Ақсу қаласында - 3 мың адам сауалнаманы әлі толтырған жоқ. Қалаларда санақ жүргізетін адамдар дайын. Сонымен бірге, сауалнаманы www.sanaq.gov.kz сайты арқылы толтыру мүмкіндігі тағы берілді.
Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жауапты тұлғаларға келесі дүйсенбі күні Павлодар облысында санақтың толық аяқталғаны туралы есеп беруді тапсырды.
Орта есеппен әр күн сайын интервьюерлер 21-22 мың адамнан сауалнама алуы керек.