Павлодар Инновациялық еуразиялық университетінің түлектері қазақстандық және ресейлік үлгідегі дипломдар алды
11:16, 06 Шілде 2012
ПАВЛОДАР. 6 шілде. ҚазАқпарат - ИнЕУ түлектері Инновациялық еуразиялық және Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетінің жоғары білім туралы екі дипломын алды,
деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.
Бұл бір уақытта екі мемлекет - Ресей және Қазақстанның білім бағдарламалары бойынша білім алған студенттердің екінші шығарылымы.
Қос дипломдар иегерлерінің жұмысқа орналасу кезінде таңдауы көбірек болады және олар ИнЕУ мен Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетінде магистратураға түсіп, білімдерін жалғастыра алады.
Бүгінде Инновациялық еуразиялық университеті Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, Чехия, Польша елдерінің жоғары оқу орындарымен бірігіп қос дипломдардың алты бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. 2013 жылы бір уақытта ИнЕУ мен Ань-Шань (Қытай) университетінде қфтай тілі және филология бағыты бойынша білім алып жүрген студенттердің бірінші шығарылымы болады.