Павлодар: Кадет оқушысы неден қайтыс болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қайтыс болған оқушының анасы ұлының өлімі неден болғанын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кадеттің анасының айтуынша, 26 қаңтар күні баланың өкпесінде тромб үзіліп кеткен. 13 қаңтардан бері ол үйде жатқан, тырнағына ота жасату керек болғандықтан анасы оны сұрап алған. Одан кейіз аяздар басталып, бала үйде болған. Анасының мектепке ешқандай шағымы жоқ», - деп атап өтті Павлодар облыстық мамандандырылған әскери кадет мектебінің директоры Асан Рахматуллин.
Ол баланың анасына көңіл айтып барған. Оқушының бұрын спайс қолданғаны туралы анасы ештеңе айтпаған. Ал прокуратура жасөспірімнің өліміне «спайс» есірткісі себепші болуы мүмкін деп отыр.