2007 жылдың маусымында оның жұбайы өндірісте алған ауыр жарақаттан көз жұмды. Қайғылы оқиғаға жүргізілген арнайы тергеу жұмыс берушінің кінәсін толығымен көрсетіп берді. Кәсіпорын жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ оған айып адам қаза тапқаннан 2,5 жыл өткеннен кейін ғана тағайындалды.
Соттың қаулысы бойынша кәсіпорын директоры істің ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Әйел өзіне келтірілген үлкен моральдық шығынды негізге ала отырып, арызында жұбайының қаза табуына кінәлілердің жауапсыздығын, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жіберген былықтарын, прокуратура мен тергеушілердің табалдырықтарын тоздырғанын жазып, мұның бәрі оның денсаулығының күрт нашарлауына әкеліп соқтырғанын көрсетті.
Ол соттан Павлодар облысының ІІД-нен 2,5 млн. теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді сұрап отыр. Қазіргі уақытта іс сот қарауына даярлық үстінде.