ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының ойындары басталады.
Бейсенбі және жұма күндері бірінші турға кіретін матчтар мәреге жететін болады.
Одан кейін екінші тур бәсекелері басталады.
Атырау қаласында өткен бірінші турдан кейін алты матчтың бесеуінде жеңіске жеткен «Жетісу» (Талдықорған) клубы 15 ұпаймен көш бастап келеді. Оралдың «Жайығы» 13 ұпаймен екінші орында тұрса, ел чемпионы «Тараз» (12 ұпай) үшінші, биылғы кубок және суперкубок иегері «Ақтөбе» (11 ұпай) төртінші сатыға жайғасқан.
Көкшетаудың «Ұшқын-Көкшетау» командасы ғана әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.
Бейсенбі, 19 желтоқсан күні «Ақтөбе» - «Есіл» (СҚО), «Жайық» - «Атырау», «Жетісу» - «Буревестник» (Алматы), «Павлодар» - «Тараз» командалары өзара сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Оралдың «Жайығы» бірінші турды 2-орынмен аяқтағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).