Полицияның мәліметінше, апат 29 маусым күні түстен кейін Назарбаев даңғылында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, содан кейін бағдаршам бағанасы мен автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған.
— Апат салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Mitsubishi Carisma көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Осыған дейін Алматыда Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша Александр Пак 10 жылға сотталғанын жаздық.