Өзінің жаңа орынбасары Берік Ақылбековты шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов таныстырды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
« Берік Ахмедиянұлы Павлодар облысының тумасы. 1971 жылы Качир ауданы, Бобровка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1988-1993 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институты - Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, 1998 жыл - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде білім алған. Бұған дейін ҚР инвестициялар және даму министрлігінде, Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген», - деді Нұржан Әшімбетов.