Павлодар қаласында өткен ІТ форумында заманауи технологиялар таныстырылды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда ақпараттық технологиялардың халықаралық ІТ форумы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Форумға облыс әкімі Болат Бақауовпен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі АсқарЖұмағалиев қатысты.

«Павлодар облысының цинфландырубойынша көшбасшыға айналуына барлық мүмкіндігі бар. Өңірімізде өндірістікалпауыттар орналасқан. Жоғарғы оқу орындарымыздың ғылыми қабілеті жоғары.Барлық жобалар халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында жасалады», - дедіоблыс әкімі.


Өңір басшысының айтуынша, облыстағы кәсіпорындар белсендітүрде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына қосылған. Инновациялық технологияларбойынша өңірде 40-қа жуық жоба жүзеге асырылуда. 2018 жылы 1,1 млрд теңгеденастам қаржыға 10 жоба енгізілді. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышөнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев өңірдегі ақпараттық технологиялардың дамуүрдісіне жоғары баға берді.


«Цифрлы Қазақстанның» нәтижесін қазіргі кездеәрқайсымыз көріп жүрміз. Бірақ әлі де дамудың алғашқы кезеңіндеміз. Павлодароблысы да бұл бағытта ауқымды жұмыс жасап келеді. Жобалардың жүзеге асуы үшінинтернеттің қолжетімділігі маңызды екені анық. Қалаларымызда сапалы интернетбар болғанымен, ауылдық жерлерде бұл мәселеге айналып тұр. Сондықтан «ЦифрлыҚазақстан» аясында елді мекендерде сапалы интернет енгізу басталған. БүгінПавлодардағы Шақат ауылында бұл бағыттағы жобаның қалай іске асырылып жатқанынкөретін боламыз», - деді Асқар Жұмағалиев.


Сонымен қатар, павлодарлықтар министрге заманауитехнологияларды таныстырды. Солардың бірі TKR компаниясы – жаттығуқұрылғыларын, интерактивті модульдер мен оқытуға арналған жүйелер құрастыру,заманауи 3D технологиялар арқылы түрлі құрылғыларды көрсетумен айналысады.


«Біздің бағдарламалар арқылы түрлі бағыттағы мамандықтардыкөрсетіп, деректерді интерактивті беру арқылы кез келген деңгейдегі іскеүйретуге болады. Жүйе арқылы өмірде болатын әртүрлі жағдайларды виртуалды түрдеенгізуге болады. Мысалы, бір оқу орыны John Deere техникасымен жұмыс жасауғаоқытуы мүмкін. Келесі бір білім ордасы басқа техникамен үйретеді. Біз виртуалдыәлемде сол техниканы құрастырамыз. Кейін студенттер жасалған техникаментәжірибеден өтеді. Оқу бітірген соң сол шаруашылыққа барып, емін-еркін жұмыс жасайалады. Біз әр тапсырыс берушіге жеке бағдарлама құрастырамыз. Жобамыз 300 мыңтеңгеден жоғары бірнеше миллонға жетуі мүмкін. Көбінесе білім беру ұйымдары менірі кәсіпорындардан сұраныс түседі, - деді компанияның бас директоры МакарАрляпов.

Қазіргі уақытта TKR компаниясыныңжобасын павлодарлық алюминий зауыты пайдалануда. Олар бағдарлама арқылықызметкерлерін оқудан өткізеді. Сонымен қатар, компания ТМД бойынша бірнешеелмен жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар