Павлодар қаласының әкімі «Ромат» фирмасының ұжымымен кездесті

None
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының әкімі Бәкір Демеуовтің «Ромат» фармацевтік фирмасы ұжымымен алғашқы есеп беру кездесуі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл компания дәрілік препараттардың түр-түрін, бір рет қолданылатын инелерді шығарады. Ғылыми топ басқа елдердің ғалымдарымен бірлесе отырып, туберкулезге және ісікке қарсы препараттар шығарумен айналысуда. «Роматтың» бөлшек сауде жүйесінде еліміздің ірі қалаларында орналасқан 30 дәріхана бар, онда зейнеткерлерге отандық және импорттық дәрі-дәрмектерге жеңілдіктер көзделген.Қала басшысы атқарушы органдардың өткен жылғы жұмыс қорытындысы туралы айтып, алдағы міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, облыс орталығында қала тұрғындарын әлеуметтік қорғау мен еңбекке орналастырудың тиімді жүйесі қарастырылған.Қала әкімінің баяндамасын талқылауға белсене қатысқан ұжым қызметкерлері көптеген ұсыныстары мен тілектерін айтты. Олар дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға, қаланы көркейтуге, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты болды. Бәкір Демеуов барлық сұрақтарға жауап қайтарды, ұсыныстарды бақылауға алды.