Усолка шағын ауданындағы Ертіс өзенінің сол жағалауында қала әкімі мен жастар қауымы сенбілік өткізді. Шаһардағы 20-дан астам жастар ұйымының жетекшілері мен белсенділері қала басшысымен бірге 2 сағаттың ішінде адамдар табиғат аясында демалып, тастап кететін 100-ден астам қап қоқыс жинастырды.
Сенбіліктің аяғы Әнуар Күмпекеевтің қала жастарымен алғашқы кездесуіне ұласты. Кездесуде жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың біршамасы шешілетіні айтылды.
«Жастардың сұрауы бойынша қалалық саябақтың қасындағы шығыршық тебетін алаң жөнделетін болады», - деді қала әкімі.
Шара соңында қала әкіміне «Дені сау ұлт» қоғамдық қорының жетекшісі Айса Қабдулин кездесуге келген барлық жастардың қолтаңбасы қойылған футбол добын табыс етті.
Фото: ЖБДО/pavlodarnews.kz