Павлодар қаржы полициясының қызметкерлері ұрланған мыңға тарта арақ шөлмегін «сатып алған»

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы өнеркәсіптік база ауданында экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері тексеру үшін,

жалпы құны 420 мың теңге тұратын ұрланған 936 бөтелке «Saga of Kazakhstan» арағын сатып алған.

Қаржы полициясы қызметкерлері осы өнімі бар жәшікті қоймадан рұқсат қағазынсыз «КамАз» автокөлігімен алып шыққандығын анықтаған. Алкогольді ішімдік сақталатын ғимараттың терезесі шағылған, ұрланған арақ жәшіктері терезе арқылы шығарылып, көлікке тиелген. Қойма қарауылы бұрын күзетші болып істеген Е. деген азаматтың оған сыбайласқаны үшін 100 мың теңге ұсынғандығын айтқан.

Аталмыш факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.