Павлодар кәсіпкерлерінің түрлі саланы қамтыған көрмесі ұйымдастырылды

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы кәсіпкерлердің бірегей көрмесіне келушілер тауар мен қызметтің кең топтамасын тамашалады.

«Бизнестің жолы тар болмайды. Бұл көрме Кеден одағы ашатын нарыққа тауар шығара алады. Оның негізінде кәсіпорындардың мәліметтер базасы құрылатын болады, аймақта өндірілетін өнімнің экспорттық жағдайы сарапталады», - деді қала әкімінің орынбасары Серік Байсейітов.

Құрылыс кәсіпорындары көрмеге заманауи материалдарды қойған, олардың арасында әртүрлі маркадағы кірпіштен бастап, үй жабынына қажетті гидроизоляциялық заттар да бар.