Павлодар кәсіпорны қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарына тартылды

None
ПАВЛОДАР. 31 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарына қалалық кәсіпорын тартылды,

 деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз орталығы.

«Біздің зауыттың бір топ жұмысшысы төртінші күре жолдың бойын тазартты. Біз қалалық қызметтерге көмек көрсетудеміз, кәсіпорын маңындағы учаскелерде тазарту жұмыстарын атқарып, қурап кеткен ағаштарды шауып, оларды 40 көлікке артып сыртқа шығардық», - деді «KSP Steel» компаниясының қызметкері Ирина Андарченко.

Облыс әкімі Ерлан Арынның қала аудандарында тазалық сақтау жөніндегі үндеуін «Қазақстан алюминийі»,  павлодарлық «Каустик» мұнайхимиялық зауыты және тағы да басқа ірі кәсіпорындар қолдады, деп атап өтті ТКШ бөлімінің басшысы Игорь Рыбас.