"2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де «112» пультіне Павлодар қаласының маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты. Олар жайылманың әрбір шаршы метрін тексеріп шықты", - дейді департаментте.
Құтқарушылар сағат 01.42-де келіп түскен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1957 жылы туған ер адамды ұялы телефоны арқылы анықтады. Медициналық көмектен бас тартқан азаматты құтқарушылар туған-туыстарына тапсырды.